Боралдай-бөбекжай балабақшасында “1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне” арналған іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: “Балаларды қорғау күні” туралы түсініктерін бекіту. Ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
⭐️»Еңсесі биік — ұлы Жеңіс!»⭐️ Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.